Қарағанды облысының педагогтері Күзгі мектеп аясында «Digital Mind: жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық және медиасауаттылық» атты оқыту курсынан өтті
Қарағанды облысының педагогтері 2025 жылдың 28-31 қазан аралығында өткен Күзгі мектеп аясында «Digital Mind: жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық және медиасауаттылық» атты оқыту курсынан өтті.
Курстың мақсаты цифрлық сауаттылықты, медиа құзыреттілікті және Жасанды Интеллект технологияларын саналы әрі тиімді пайдалану дағдыларын дамыту болды.
Оқытуды оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Сартаева Жансая Ахмедьяновна және тренерлер – Нұра ауданындағы «Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалімі Колтунова Анна Валерьевна, Қарағанды қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицей» КММ информатика пәнінің мұғалімі Шотбай Айгүл Нағанқызы жүргізді.
Педагогтер оқыту барысында Жасанды Интеллектінің негіздері, медиасауаттылық мәселелері бойынша нақты білімдерді игерді. Сондай-ақ, олар Жасанды Интеллектінің құралдарын оқу процесіне тиімді енгізуге арналған маңызды практикалық дағдылар мен құралдарды меңгерді.