Размер шрифта:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Саран қаласының балалар өнер мектебінде «Көркемдік білім берудегі инновациялар мен заманауи тенденциялар» тақырыбындағы облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті
04-11-2025 10:05
 «Адал азамат» біртұтас  тәрбие бағдарламасы аясында Саран қаласының балалар өнер мектебінде «Көркемдік білім берудегі инновациялар мен заманауи тенденциялар» тақырыбындағы облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті

      2025 жылдың 4 қарашасында  «Адал азамат» біртұтас  тәрбие бағдарламасы аясында Саран қаласы «Балалар өнер мектебі» КМҚК-да «Көркемдік білім берудегі инновациялар мен заманауи тенденциялар» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті.

Семинарға Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалалары және Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Шет аудандары балалар өнер мектептерінің 35 педагогі,           Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техниакалық университеті мен Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушылары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты көркемдік білім берудегі заманауи үрдістерді талқылау және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналған тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Семинар екі бөлімнен тұрды:

 Пленарлық отырыс:

-«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері мен қосымша білім берудің маңыздылығы.

- Шығармашылық пәндерді оқытудағы жасанды интеллектіні қолдану.

- Сәулет өнері мен өнер сабақтарының байланысы.

- Сәндік-қолданбалы өнердегі инновациялық технологиялар.

Көрме және шеберлік сабақтар:

- «КИЕЛІ МҰРА» көрмесі ұйымдастырылды.

- Бейнелеу өнері бойынша әртүрлі дәстүрлі емес және инновациялық техникаларда ( тасқа сурет салу, ыстық желіммен сурет салу, пастель, потальмен алтын жалату, текстуралы кескіндемедегі ою-өрнек) шеберлік сабақтары өтті.

- «Абай шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу» атты біріктірілген шығармашылық сабақ ұсынылды.

Семинар соңында жұмыстың нәтижелері шығарылып, рефлексия жүргізілді. Қатысқан барлық педагогтерге және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!