Размер шрифта:
Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған бейімделген дене шынықтыру фестивалі
04-11-2025 10:11
Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған бейімделген дене шынықтыру фестивалі

      2025 жылғы 4 қарашада Қарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған бейімделген дене шынықтыру фестивалі өтті.

      Отырыс барысында Қарағанды техника-құрылыс колледжінің директоры Сапарова Асел Сагинбаевна педагогтерге арналған бейімделген дене шынықтыру фестиваліне қатысу өзекті ғана емес, сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Фестиваль қатысушыларын колледж жобаларының бірі – «Инклюзивті білім беру экожүйесімен» таныстырды. Бұл – ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балаларды қоса алғанда, барлық балалар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді ортаны көрсететін платформа. Бұл платформа колледж сайтында орналастырылады және ақпараттық-таныстыру ресурсы ретінде барлығына, яғни студенттерге, ата-аналарға, әріптестерге ешқандай ерекшеліксіз қолжетімді болады.

      Әрі қарай, колледж спикерлері білім беру ортасын ұйымдастыру тәжірибесімен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған бейімделген дене шынықтыру сабақтарын өткізу әдістемелерімен және тәсілдерімен бөлісті, сондай-ақ мотивациялық аспектінің және әр студентке мұқият қараудың, олардың күш-жігерін қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

      Спикерлер ретінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінің педагогтері сөз сөйледі:                                                                      

            - Жуманбаева К.А., директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу – колледждегі инклюзивті практиканы дамытудың қажетті шарты» тақырыбында;

- Тихонова И.Б., психолог, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің әрбір санатының психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында;

- Алакаева Б.К., әдіскер, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар әр түрлі санаттағы студенттерге арналған бейімделген дене шынықтырудың арнайы оқу бағдарламасын әзірлеу» тақырыбында;

- Бельгибаев А.Ж., дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, «Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған бейімделген дене шынықтыру сабақтарын өткізудегі әдістер мен тәсілдердің ерекшеліктері» тақырыбында;

- Аханов Е. А., дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер арасындағы арнайы топтардағы бейімделген дене шынықтырудағы ойындар мен смарт-технологиялар» тақырыбында;

- Ахметбек Ж.Б, Жаманбаев Ж.З., дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары, «Инклюзивті топтардағы дене шынықтыру сабақтарында спорттық бағдарлау элементтерін қолдану» тақырыбында.

          26 колледжден келген қатысушылар зерде бұзылыстары бар балаларға арналған спорттық бағдарлау элементтерін қолдану бойынша бейімделген дене шынықтырудан практикалық сабақтарға қатысты, бұл сабақтар студенттердің жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын дамытады.

      Талқылау барысында қатысушылар бұл іс-шараның өзекті және пайдалы болғанын, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру сабақтарын өткізу әдістері, тәсілдері туралы тәжірибе мен білім алғанын атап өтті, бұл педагогтерге өз сабақтарын тиімдірек және жекелендірілген етуге көмектеседі.

     Іс-шара соңында қорытынды шығарылды, ұсыныстар берілді және ұсынымдар енгізілді.