Размер шрифта:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «ҚАРЖЫ ӘЛЕМІ» атты қаржылық сауаттылық апталығы
07-11-2025 17:24

   Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен2025 жылдың 10-14 қарашасы аралығында Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «ҚАРЖЫ ӘЛЕМІ»атты қаржылық сауаттылық апталығы өткізіледі.

  Мақсаты:Оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оларда материалдық құндылықтарға (немесе мүліктік құндылықтарға) жауапкершілікпен және ұқыпты қарауды қалыптастыру, «Адал азамат» бағдарламасының қағидаттарына сәйкес жеке ресурстарды басқару дағдыларын дамыту.

   Апталық барысында тақырыптық сынып сағаттары, олимпиадалар, байқаулар, қаржы саласының мамандарымен кездесулер, табысты кәсіпкерлермен кездесулер, дөңгелек үстелдер, танымдық және квест ойындары өткізіледі.