Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша оқыту семинары
2025 жылдың 07 қарашасындаҚарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстық, аудан/қалалық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында бағдарламаны іске асырудың практикалық мысалдары, Қарағанды облысы мектептерінің инновациялық нысандары мен үздік кейстері ұсынылды. Өзара тәжірибе алмасып, оқушылар арасында азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәжірибелері мен заманауи тәсілдері талқыланды.
Семинарға 305 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz





