2025 жылдың 3-7 қарашасы аралығында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Аттестатталатын педагогтердіәдістемелік сүйемелдеу жүйесіндегі әдіскердің рөлі» тақырыбы бойынша проблемалық курстар өткізді.
Курстар колледж әдіскерлерінде аттестаттау аралық және аттестаттау кезеңдерінде педагогтерді тиімді әдістемелік сүйемелдеу үшін қажетті қолданбалы дағдыларды қалыптастыру және дамыту мақсатында ұйымдастырылды және 2025 жылғы 30 қаңтардағы №1 хаттамамен «Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»КМҚК ғылыми-әдістемелік кеңесі мақұлдаған және ұсынған білім беру бағдарламасына сәйкес өтті.
Тренерлерретінде білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы, республикалық және облыстық аттестаттау комиссиясының мүшесі АйгульЗейнулаевнаМухамедьярова; Қарағанды «Bolashaq»жоғары колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары,«Talap»КеАҚ штаттан тыс тренері, республикалық сараптау кеңесінің мүшесі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Ирина Хамзеевна Капанова;техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері, «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренеріАйнур АхатовнаКнашинажұмыс атқарды.
Курстар бағдарламасы «Ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет»,«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогтерін аттестаттау рәсімін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету»,«Педагогтың кәсіби қызметін бағалау» деген үш модуль бойынша теориялық және практикалық сабақтарды,сондай-ақ қорытынды сабақта тыңдаушылардың жобаны әзірлеуінжәне қорғауынқамтыды.
Оқытудан 22 тыңдаушы өтті, оның ішінде 6 колледж директорының оқу/ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, 1 директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, 15 әдіскер.





umc-ro@umckrg.gov.kz






