Тәжірибе алмасу алаңы: Ашық сабақтар циклінің басталуы
12-11-2025 11:55
Тәжірибе алмасу алаңы: Ашық сабақтар циклінің басталуы

      Облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 11 қарашасында «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында «Информатика» пәні педагогтеріне арналған ашық сабақтар циклі басталды.

Мақсаты: Озық тәжірибелермен танысу, оларды іс-тәжірибеге енгізу, кері байланыс беру және тәжірибе алмасу арқылы кәсіби қауымдастықты дамыту.

Циклдің бірінші сабағында Құрманбек Жұлдыз Санатқызы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Шара барысында облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагогтері белсенді түрде кері байланыс беріп, өзара тәжірибе алмасты.