Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорлары және директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік сағат
17-11-2025 12:10
Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорлары және директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік сағат

     Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың қазан айының 8-і күні ZOOM платформасында мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорлары және директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік сағат өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

1. Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттары білім алушыларының  білім сапасын талдау.

Баяндамашы: Мукашева Г.Г.,  мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің  басшысы

2. «Математика», «Қазақ тілі және әдебиеті» (Я1), «Орыс тілі және әдебиеті» «Тарих», «География», «Химия», «Биология», «Физика» пәндері бойынша мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының білім сапасын талдау. Қосымша баяндамашылар: Сулейманова Г.Ө., Мухамедина А.С., Тулепбекова С.К., Тукбаева З.И., Цой К.П. Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлер

3. «Туған өлке сырлары» облыстық байқауы

Баяндамашы: Әубәкір Ж.С.,Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері

4. «Қашықтықтан BOOM» жобасы шеңберінде ЖИ қолдана отырып, облыстық Бейнесабақтар конкурсын өткізу туралы

Баяндамашы: Сартаева Ж.А., Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы.

  Әдістемелік сағатқа ББД ОӘО әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының директорлары және директорлардың орынбасарлары қатысты.