Жыл мұғалімі-2025
17-11-2025 12:19

   Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру, педагогикалық кредосын, жеке потенциалын көрсету және облыс мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында жыл сайын «Жыл мұғалімі-2025» облыстық байқауын өткізеді.

    «Жыл мұғалімі» облыстық іріктеу конкурсының екінші кезеңі 17-21 қараша аралығында қалалар мен аудандардың, 18-21 қараша арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін өтеді, 24-26 қараша аралығында Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагогтері үшін конкурс өткізіледі.

 Екінші облыстық іріктеу кезеңіне 13 аудан/қаладан, 10 мамандандырылған мектеп - интернаттан мұғалімдер және облыстың арнайы (түзету) мектеп – интернаттарынан 10 педагог қатысады. Мұғалімдер сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.

  Екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша аудандардан/қалалардан алты және облыстық білім беру ұйымдарынан бір (арнайы және мамандандырылған мектеп-интернаттардан)  мұғалімнен  жеңімпаз анықталады.

  Желтоқсан айында байқаудың үшінші қорытынды кезеңі өтеді.      Байқаудың 3 кезеңінің қорытындысы бойынша төрт жүлделі орын анықталады: Гран-при, 1 орын, 2 орын және 3 орын және төрт номинация конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

- Бас жүлде - 350 000 теңге;

- 1 орын-200 000 теңге;

- 2 орын -150 000 теңге;

- 3 орын -100 000 теңге;

- «Үздік сабақ үшін» - 50 000 теңге;

- «Үздік сыныптан тыс іс-шара үшін» - 50 000 теңге;

- «Үздік Үй тапсырмасы үшін» - 50 000 теңге;

- «Көрермендер көзайымы сыйлығы» - 50 000 теңге.

Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!