USТAZGA AI: Жасанды интеллект педагогің көмекшісі ретінде
2025 жылдың 17-18 қараша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы "Daryn Ustaz" орталығымен бірлесіп "USТAZGA AI" жобасын педагогтерге таныстыру және түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Осы бастама аясында педагогтер «Жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісі ретінде» біліктілікті арттыру курсын тегін өте алады. Аталған курсты аяқтаған педагогтер Астанада өтетін хакатонға іріктеу конкурсында өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік алады.
Хакатонның қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз Оңтүстік Кореяда тегін тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
Барлық Қарағанды облысының педагогтерін "USТAZGA AI" жобасына қатысуға шақырамыз!





umc-ro@umckrg.gov.kz





