Размер шрифта:
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ
21-11-2025 15:08
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ

      18 - 21 қараша аралығында арнайы мектеп-интернат педагогтары арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының II кезеңі өтуде.

      Байқаудың мақсаты - педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, оқыту сапасын жақсарту, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерді кеңінен тарату. Сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға сараптамалық бағалау бірыңғай критерийлер негізінде жүргізіледі. Бағалау барысында қолданылған әдістер мен тәсілдердің негізділігі, білім алушылармен өзара әрекеттесу сапасы, оқу материалының қолжетімділігі мен даралануы, педагогтың оқу мазмұны мен сабақ ұйымдастыруын бейімдеу қабілеті, сондай-ақ балалардың даму динамикасы мен оқу жетістіктері ескеріледі. Сонымен қатар білім алушылардың дербестігін қалыптастыруға жағдай жасауға, олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға және оқу үдерісіне деген тұрақты қызығушылығын қолдауға ерекше мән беріледі.

      Байқау педагогтардың кәсіби әлеуетін айқындауға, тиімді тәжірибе алмасуға, сондай-ақ Қарағанды облысында арнайы білім беруді одан әрі жетілдіру бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.