Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша 2025 жылдың 13 қараша күні «Ауыл мектебі-сапа алаңы» республикалық жоба аясында ауыл мектептерінің химия пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сынып өтті.
Шеберлік сыныпта Қарағанды қаласының химия пәні мұғалімдері «№27 ЖББМ» КММ Жасымбекова Айгерим Рысбековна «Химиядағы цифрлық лабораториялар: VR/AR виртуалды тәжірибелерден толықтырылған шынайылыққа дейін» тақырыбында, «Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Сатыбалдин Ерасыл Дәуренұлы «Виртуалды химия инклюзивті оқыту құралы ретінде: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде Unreal Chemist пайдалану», «Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ» КММ Бедерова ЖанарТөреханқызы«Жасанды интелектті қолдану арқылы оқушылардың химиялық ойлау қабілетін дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар саны: 100.





umc-ro@umckrg.gov.kz



