Размер шрифта:
Проблемные курсы для методистов колледжей по теме «Роль методиста в системе методического сопровождения аттестуемых педагогов»
21-11-2025 11:36
Проблемные курсы для методистов колледжей по теме «Роль методиста в системе методического сопровождения аттестуемых педагогов»

      2025 жылдың 17-21 қарашасы аралығында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Аттестатталатын педагогтердіәдістемелік сүйемелдеу жүйесіндегі әдіскердің рөлі» тақырыбы бойынша екінші топта проблемалық курстар өткізді.

      Курстар колледж әдіскерлерінде аттестаттау аралық және аттестаттау кезеңдерінде педагогтерді тиімді әдістемелік сүйемелдеу үшін қажетті қолданбалы дағдыларды қалыптастыру және дамыту мақсатында ұйымдастырылды және 2025 жылғы 30 қаңтардағы №1 хаттамамен «Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»КМҚК ғылыми-әдістемелік кеңесі мақұлдаған және ұсынған білім беру бағдарламасына сәйкес өтті.

      Тренерлерретінде білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы, республикалық және облыстық аттестаттау комиссиясының мүшесі Айгуль Зейнулаевна Мухамедьярова; Қарағанды техника-құрылыс колледжі  директорының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, «Talap» КеАҚ штаттан тыс тренері, біліктілікті арттыру курстары білім беру бағдарламаларының құрастырушысы Қуралай Асылбековна Жуманбаева; Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері, «Talap» КеАҚ штаттан тыс тренері, біліктілікті арттыру курстары білім беру бағдарламаларының құрастырушысы Айнур Ахатовна Кнашина жұмыс атқарды.

Курстар бағдарламасы «Ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет»,«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогтерін аттестаттау рәсімін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету»,«Педагогтың кәсіби қызметін бағалау» деген үш модуль бойынша теориялық және практикалық сабақтарды,сондай-ақ қорытынды сабақта тыңдаушылардың жобаны әзірлеуінжәне қорғауынқамтыды.

        Оқытудан 15 тыңдаушы өтті, оның ішінде директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі 1орынбасары, директордың оқу жұмысы жөніндегі 2орынбасары, 1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 1 кадр бөлімінің маманы және 10 колледж әдіскері.