2025 жылдың 28 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ педагогикалық факультетімен бірлесіп «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып облыстық бейіндік жобасына қатысушы мектептер мен педагогикалық колледжердің білім алушылары арасындаоблыстық педагогикалық олимпиадаөткізді.
Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптарының неғұрлым белсенді және дарынды білім алушыларын, сондай-ақ колледж білім алушыларының пәндік білімі мен дағдыларының деңгейін, олардың кәсіби-педагогикалық қызметте қажетті кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуын анықтау және қолдау болып табылады.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – эссе (үй тапсырмасы/мектеп оқушыларына 100 сөз, колледждерге -150 сөз), қатысушылар «Менің мұғалім мамандығы туралы ойларым», «Менің қалауым – «Мұғалім болу», «Мұғалім – мамандық немесе өмірлік ұстаным?» тақырыптарында эссе жазды.
Екінші кезең - бір дұрыс жауабы бар сұрақтар қарастырылған және жалпы педагогика бойынша сұрақтарды қамтитын тест тапсырмаларын орындау.
Үшінші кезең – «Мұғалім - болашақты құрушы адам» тақырыбындағы презентация.
Олимпиадаға қатысушыларды келесі құрамдағы тәуелсіз құзыретті қазылар алқасы бағалады: комиссия төрайымы - С.К.Абильдина, п.ғ.д., «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ профессор-зерттеушісі; комиссия төрайымының орынбасары - Т.Г.Нартова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағыты бойынша комиссия мүшелері – М.А.Мукушева, п.ғ.м., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы; А.З.Мухамедьярова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы; Б.К. Шаушекова, п.ғ.к, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры; жалпы орта білім беру бағыты бойынша комиссия мүшелері – А.О. Мухаметжанова, п.ғ.к, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры; А.К.Тусупбаева, п.ғ.м., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ педагогика, психология пәндерінің оқытушысы; А.К.Шадетова, п.ғ.м., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы.
Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берубағыты бойыншамемлекеттік тілде:
1 орын – Ақмағанбетова А., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;
2 орын – Дәрібай Г., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық- техникалық колледжі» КМҚК;
3 орын – Әділмұрат Ж., «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берубағыты бойыншаорыс тілінде:
1 орын –Бочарников А., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;
2 орын – Клевцова Д., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;
3 орын – Каткова К., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық- техникалық колледжі» КМҚК; Болотских Е., «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК; Грудачева А., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.
Жалпы орта білім берубағыты бойынша мемлекеттік тілде:
1 орын – Нұржанқызы Н., Жарлы ауылының «№10 Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
2 орын – Заурбек Н., Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп -гимназиясы» КММ; Маханбетхалиева Ж., Теміртау қаласы білім бөлімінің «9 лицейі» КММ; Задаева А., Қарағанды қаласы, «82 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын – Сағындық Т., Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ; Кариев Ж., Теміртау қаласы, «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Қанат К., Қарағанды қаласы, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ; Жантілеу А., Ақтоғай ауылы, «Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РО) жанындағы интернаты» КММ.
Жалпы орта білім берубағыты бойынша орыс тілінде:
1 орын – Назарко Р., Теміртау қаласы, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;
2 орын – Канназарова А., Абай ауданы, «Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-лицей» КММ;
3 орын – Виноградова А., Теміртау қаласы, «№ 10 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Линник М., Осакаров ауданы, Сенокосное ауылы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, қатысушыларға электронды сертификаттар табысталады.





umc-ro@umckrg.gov.kz






