2025 жылдың 28 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Өркен» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің қауымдастығы Шет ауданы, Ағадыр кентіндегі «Нұршуақ» КМҚК базасында жас мамандарға арналған облыстық семинар-практикум ұйымдастырды. Іс-шараға облыстың қала және аудан балабақшаларынан келген жас педагогтер қатысты.
Семинар барысында инклюзивті білім берудің өзекті бағыттары талқыланды. Атап айтқанда:
• ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыстың тиімді әдістері;
• сенсорлық интеграция технологиялары;
• арт-терапия және Эбру техникасы арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту;
• STEM-элементтерін қолдану;
• Суджок-терапияның мүмкіндіктері;
• логопедиялық және дефектологиялық қолдау тәсілдері;
• балалардың бейімделуі мен әлеуметтенуін арттыру жолдары.
Семинар тәжірибе алмасуға, жаңа технологиялар мен инновациялық әдістерді меңгеруге мүмкіндік берді. Қатысушы педагогтер шеберлік сағаттарына қатысып, инклюзивті білім берудегі заманауи жұмыс формаларын тәжірибе жүзінде игерді.
Іс-шара инклюзивті ортаның маңызын айқындап, оның әр баланың мүмкіндігін ашудағы, педагогтің кәсіби шеберлігін арттырудағы және қоғамдағы тең мүмкіндіктерді қалыптастырудағы рөлін көрсетті. Бірге дамимыз, бірге өсеміз!





umc-ro@umckrg.gov.kz




