Размер шрифта:
«Еңбек адал – жас өрең», «Буллингтен қорған» жобалары арқылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясындағы облыстық семинары
05-12-2025 09:39
«Еңбек адал – жас өрең», «Буллингтен қорған» жобалары арқылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясындағы облыстық семинары

       2025 жылдың 5 желтоқсанында Шахтинск қаласында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында облыстық семинар өтті.

      Іс-шара тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерімен бөлісу және оларды талқылау алаңына айналды.

     Семинар барысында «Еңбегі адал – жас өрен» және «Буллингтен қорған» жобалары арқылы оқушылармен, педагогтермен және ата-аналармен өзара әрекеттесудің әртүрлі әдіс-тәсілдері таныстырылды. Бұл бастамалар балалардың еңбекке деген ынтасын, кәсіби бағдарын дамытуға, сондай-ақ буллингтің, құқықбұзушылықтардың және басқа да ықтимал қауіптердің алдын алуға бағытталған.

      Сонымен қатар қатысушыларға республикалық және облыстық деңгейдегі тақырыптық жобаларды іске асыру жұмыстары таныстырылды. Бұл жобалар білім беру ортасын қауіпсіз әрі үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

     Семинар мазмұнды да, нәтижелі де болды: педагогтер тәжірибе алмасып, тәрбие жұмысына қатысты заманауи тәсілдер мен әдістерді талқылады.

Іс-шараға жалпы Қарағанды облысының аудан және қалаларынан 60 адам қатысты.