Размер шрифта:
«Бала тілі – ұлт айнасы, ұлттық құндылық – ұлт қазынасы»
04-12-2025 09:53
«Бала тілі – ұлт айнасы, ұлттық құндылық – ұлт қазынасы»

     2025 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды облысындабілім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласындағы «Тілек» бөбекжайы базасында «Бала тілі – ұлт айнасы, ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

     Семинардың негізгі мақсаты – Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдары: «Балбөбек», «Батыр», «Ақниет» бөбекжайлары мен Балқаш қаласының «Күншуақ» балабақшасының педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи әдістемелерді енгізу және ұлттық бағыттағы озық тәжірибелермен алмасу.

      Семинарға Балқаш, Теміртау, Приозерск, Шахтинск, Ақтас, Осакаровка, Қарқаралы, Абай қалалары мен Бұқар жырау ауданының мектепке дейінгі ұйымдарынан 40-тан астам педагогықатысты.

     Іс-шара барысында келесі ұйымдастырылған қызмет түрлері ұсынылды: шебер сыныптар, квест-ойындар, инженерлік батл, іскерлік ойын, play-тренинг, интерактивті шебер сыныпжәне Pbl әдісі бойынша шығармашылық зертханасының жұмысы.

     Ұсынылған барлық жұмыстар практикалық бағытта, жаңашылдығымен және педагогтардың күнделікті тәжірибесінде қолдануға қолайлы болуымен ерекшеленді. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның мазмұндылығын ерекше атап өтті.

     Семинар мазмұнды, нәтижелі және барлық қатысушылар үшін өте пайдалы өтті. Педагогтар ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, кәсіби дамуға деген ынталарын арттырды, ынтымақтастықты нығайтты және өңірдегі мектепке дейінгі білім берудің сапасын жақсартуға ықпал ететін құнды тәжірибе алмасты.