Размер шрифта:
Электрондық оқулықтарды тиімді қолдану
01-12-2025 09:56
Электрондық оқулықтарды тиімді қолдану

     2025 жылдың 01 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және «Алматыкітап» баспасыменаудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне және мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттары директорларының орынбасарларына «Алматыкітап» баспасының электрондық оқулықтарының мазмұны және құрылымы бойынша семинар өткізілді.

     Семинар барысында TOP IQ платформасын тиімді қолдану әдістері түсіндірілді. Семинарға барлығы 75 -ке тарта әдіскерлер және директор орынбасарлары қатысты.

     Іс-шара жоғары деңгейде өтті, әдіскерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.