2025 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес мамандандырылған, арнайы мектеп-интернаттар директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәрбие жұмысына жетекші әдіскерлерге арналған әдістемелік сағат өтті.Жалпы саны 35 қатысушы қамтылды.
Әдістемелік сағатта мынадай мәселелер қаралды:
- Білім беру ұйымдарында 4 ай ішінде «Адал азамат» бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізу.
- Облыстық семинарларды өткізу кестесі.
- Бағдарламаны ресiмдеу және облыстық семинарларды өткiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар.
- «Туған өлке сырлары» байқауының 1-кезеңінің қорытындысы.
- Әр түрлі. («Үздік сынып жетекшісі», «Денсаулық аумағы - шексіз» конкурстарын өткізу)
Әдістемелік сағаттың соңында бірқатар тапсырмалар берілді.





umc-ro@umckrg.gov.kz




