Размер шрифта:
«First LEGO League Сhallenge-ге білім алушыларды дайындау» тақырыбында шеберлік – сынып
17-12-2025 13:04
«First LEGO  League Сhallenge-ге білім алушыларды дайындау» тақырыбында шеберлік – сынып

     2025 жылдың 17 желтоқсанында Облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында «First LEGO League Challenge-ге білім алушыларды дайындау» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты — информатика пәні мұғалімдерін халықаралық робототехника жарыстарына дайындаудың тиімді әдістерімен таныстыру. Тәжірибе алмасу алаңында 2024-2025 оқу жылындағы «First LEGO League Challenge» додасының жеңімпаздары — Бердібек Нұрханұлы Қазығұлов бастаған топ өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын барысында роботтар дизайны, инновациялық жобалар және командалық құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.