Размер шрифта:
Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорлары және директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік интенсив.
28-11-2025 10:00
 Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорлары және директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік интенсив.

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың қараша айының 28-і күні «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ базасында мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорлары және директорларының орынбасарларына арналған «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту: ізденістен нәтижеге» тақырыбында әдістемелік интенсив өткізді.

Әдістемелік интенсивте «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ ұжымы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  •  «Оқушы әлеуетін ашудағы тұлғалық – бағдарлы әдістердің нәтижелігі» іс-тәжірибемен бөлісу (Ибраева Зауреш Жумагалиевна, «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ директордың бейіндік жөніндегі орынбасары);

 

  • STEAM бойынша шеберлік сынып: «Практикаға жаңа көзқарас» (Акбар Абзал Акбарұлы «Steam. KZ платформасы» директоры);

 

  • Оқушыларды математика пәнінен олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру (Бақтияр Данияр Жанболатұлы, «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ математика пәнінің мұғалімі);

 

  • Пәндік олимпиадалар арқылы дарынды оқушыларды жетілдірудің әдіс-тәсілдері (Серік Рахым Рахманұлы, «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ география пәнінің мұғалімі);

 

  • Биология пәнінен олимпиадаға дайындау барысындағы маңызды шарттар (Мусаев Мурадил Муратжанович,«Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ биология пәнінің мұғалімі).

 

Әдістемелік интенсивке ББД ОӘО әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының директорлары және директорлардың орынбасарлары қатысты.