Размер шрифта:
Қысқы мектеп аясында «Level up: цифрлық трансформация жағдайында мұғалімнің кәсіби өсу стратегиялары» оқыту семинары
06-01-2026 12:29
Қысқы мектеп аясында «Level up: цифрлық трансформация жағдайында мұғалімнің кәсіби өсу стратегиялары» оқыту семинары

       2026 жылғы 6 қаңтарда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Информатика» пәні педагогтеріне арналған «Қысқы мектеп» аясында кезекті оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты:цифрлық құралдарды меңгеру және жетістіктерді жүйелеу арқылы педагогтерге аттестаттауға дайындық кезеңінде әдістемелік қолдау көрсету.

Бағдарлама аясында келесі өзекті тақырыптар талқыланды:

  1. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен портфолио жинақтау ерекшеліктері– Какенбекова Анель Асылановна, Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;
  2. «Информатика пәнін оқытудағы жасанды интеллекттің рөлі» әдістемелік құралын жазу кезеңдері– Шарипова Асем Абзалбековна, Ақтоғай ауданы, «К. Байсейітова атындағы тірек мектебі» КММ мұғалімі, педагог-зерттеуші;
  3. Цифрлық трансформация кезеңінде педагогтің кәсіби қызметін жетілдіру: аттестаттауға барар жол– Акишева Гулим Жалиловна, Қарағанды қ., «Шәкәрім атындағы гимназия» КММ мұғалімі, педагог-зерттеуші;
  4. Level Up: кәсіби өсу және жобалық әрекет– Сайлыбаева Нургуль Амандыковна, Құрманбек Жұлдыз Санатқызы, «Дарын» ММЛИ информатика пәні мұғалімдері.