Размер шрифта:
ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ
05-01-2026 17:47
ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ

       Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2026 жылдың 05 қаңтары күні физика пәнінің мұғалімдері үшін «Цифрлық сауаттылық: виртуалды модельдеуден заманауи экспериментке дейін» тақырыбында Қысқы мектеп ұйымдастырылды. Қысқы мектепке барлығы 48 педагог қатысты.

Қысқы мектеп аясындапедагогтер келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар өткізді:

1. «Механика», «Молекулалық физика», «Электростатика» бөлімдері бойынша күрделі есептерді шешу;

2. Зертханалық жұмыстарды жүргізуде цифрлық платформаларды қолдану.

3.  Заманауи білім беру технологиялары: ЖИ мүмкіндіктерін физика сабағында тиімді пайдалану.

Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

Ким Светлана Григорьевна, Шахтинск қаласы «Е.Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Кабидуллин Алишер Кайратович, Шахтинск қаласы «№11 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Садыкова Гульмира Казбековна, Шахтинск қаласы «С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ физика пәнінің мұғалімі;