Размер шрифта:
Қарағанды облысында «Үздік сынып жетекшісі» байқауының облыстық кезеңі өтті
13-01-2026 09:38
Қарағанды облысында «Үздік сынып жетекшісі» байқауының облыстық кезеңі өтті

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен2026 жылдың 13 қаңтарында онлайн форматта 2025-2026 оқу жылындағы  «Үздік сынып жетекшісі» облыстық кәсіби шеберлік байқауының ақтық кезеңі өтті.

      Байқау сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында өткізілді. Шараның басты басымдығы — «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясындағы инновациялық әдістер мен озық тәжірибелерді анықтап, кеңінен насихаттау болып табылады.

      Ақтық кезеңге облыстың қалалары мен аудандарынан, сондай-ақ облыстық мамандандырылған мектептерден іріктелген 15 үміткер қатысты. Байқау жұмыстарын кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы бағалады.