Размер шрифта:
«Заманауи мектептегі жасанды интеллект: оқытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар
16-01-2026 13:38
«Заманауи мектептегі жасанды интеллект: оқытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар

      2026 жылдың 16 қаңтарда Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Заманауи мектептегі жасанды интеллект: оқытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Теміртау қаласының №24 жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы іс - тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың мақсаты:Оқыту сапасын арттыру және мұғалімнің әдістемелік қызметін автоматтандыру мақсатында білім беру процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу бойынша мектеп ұжымының практикалық тәжірибесін тарату.

Іс-шара барысында педагогтер оқу үдерісіне жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын енгізу бойынша өздерінің практикалық тәжірибелерін таныстырды. Әдістемелік жұмысты автоматтандыру және оқыту сапасын көтеру үшін нейрожелілерді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  • Заманауи сервистермен (соның ішінде Brisk Teaching және басқа да ЖИ-платформалары) жұмыс істеу тәсілдерін көрсету;
  • Интерактивті сабақтарды құру бойынша практикалық кейстер;
  • Педагогтың күнделікті (рутинді) жұмыс жүктемесін азайту әдістері.

Семинар қатысушылары кездесудің жоғары ақпараттылығы мен практикалық бағыттылығын атап өтті. Ұсынылған әзірлемелер білім беруді цифрлық трансформациялауға жаңаша қарауға мүмкіндік береді және педагогтерге болашақтың озық технологияларын меңгеруге жол ашады.