Размер шрифта:
«Үздік сынып жетекшісі» байқауы қорытындыланды
16-01-2026 14:51
«Үздік сынып жетекшісі» байқауы қорытындыланды
      Қарағанды облысында білім мен тәрбиенің алтын діңгегі — сынып жетекшілерінің басын қосқан облыстық байқау мәресіне жетті. 16 қаңтар күні шәкірттің бойына адамгершілік пен «Адал азамат» құндылықтарын сіңіріп жүрген нағыз майталман мамандар – сынып жетекшілері марапатталды.
Байқау жеңімпаздары:
І дәрежелі диплом: Несипбаев Омирсерик Бауыржанович (Қарағанды қаласы, Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейі). Омирсерик Бауыржанұлы авторлық жобасымен кәсіби шеберлігін дәлелдеп, биылғы жылдың абсолютті жеңімпазы атанды.
ІІ дәрежелі диплом: 
Тулакпаева Елена Николаевна (Бұқар жырау ауданы, Көкпекті мектебі)
Естай Ғасырбек (Абай ауданы, Абай атындағы тірек мектебі (РО))
ІІІ дәрежелі диплом:
Қыдырасқар Жадыра Нұржанқызы («Зияткер» ММЛ)
Смакова Әлия Серікқызы (Қарқаралы ауданы, Қ.Смайылов атындағы №43 ЖББ тірек мектебі (РО)  жанындағы интернат)
Смиян Анастасия Сергеевна (Нұра ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп)
 Ақтық кезеңнің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы байқаудың барлық жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар дайындады. Кәсіподақ тарапынан көрсетілген мұндай қолдау — адал әрі жауапкершілігі мол азаматты қалыптастыруда сынып жетекшісі рөлінің аса маңызды екендігінің айғағы.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз — ел болашағының берік іргетасы.