Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 20 қаңтарда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде нетворкинг өткізді.
Шахтинскқаласының педагогтары білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды.
Нетворкинг барысында Қазақстан тарихы, 9-сынып негізінде қиындық туғызатын, күрделі тақырыптар бойынша тапсырмаларды талдауға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін Қарағанды қаласының жетекші мұғалімдері көрсетті: Жунусов Канат Жаксылыкович, Шахтинск қаласы, «С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Аспандиярова Гаухар Балтабаевна, Шахтинск қаласы, «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ.
Қамту: 100 адамды құрады.





umc-ro@umckrg.gov.kz


