Размер шрифта:
«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
22-01-2026 09:19
«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

     2026 жылғы 22 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «GeoInfo навигатор» жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн форматта «Интерактивті мүмкіндіктерді проекциялау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Абай ауданының география пәнінің мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

      Бегімбетова Г.С. «Қ. Сәтбаев атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ  – «География сабақтарында жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында жұмыс тәжірибесін ұсынды.

      Дюсекенова С.К. «Ақбастау жалпы білім беретін мектебі» КММ  – Classcraf, Classtime бағдарламаларын, Padlet интерактивті тақтасын және интерактивті карталарды пайдалану арқылы жүргізілген жұмыс тәжірибесін қорытындылады.

      Әбілдин С.А.  «Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО)» КММ – электрондық платформаларда номенклатураны қолдана отырып, тапсырмалар дайындау жолдары бойынша жұмыс тәжірибесін таратты.

Семинарға барлығы 72 педагог қатысты.