«Педагогикалық ұрпақтар диалогы» мектепке дейінгі білім беру саласының ардагерлері мен жас педагогтерінің кездесуі
22-01-2026 09:31
«Педагогикалық ұрпақтар диалогы» мектепке дейінгі білім беру саласының ардагерлері мен жас педагогтерінің кездесуі
      2026 жылғы 22 қаңтар күні Қарағанды облысының Білім басқармасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы педагогикалық еңбек ардагерлерімен «Педагогикалық ұрпақтар диалогы» атты облыстық кездесу өтті.
      Іс-шараны басқарма басшысы Жекебаев Дулат Шайкенович ашып, өңірдегі мектепке дейінгі білім беруді дамытуға ардагерлердің қосқан елеулі үлесін атап өтті және педагогикалық ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
      Кездесуге мектепке дейінгі білім беру саласының ардагерлері — Амирова Сара Сагадиевна, Омар Бахыт Сәрсенбайқызы, Липатова Вера Петровна, Ударцева Светлана Дементьевна, Булатова Галия Хамитовна, сондай-ақ облыс балабақшаларының жас педагогтері қатысты.
Кездесу «ӨРКЕН» Қарағанды облысының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтері қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі бағыты Қарағанды облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметкерлері Қоғамдық бірлестігінің жұмысын таныстыруға арналды. Аталған Қоғамдық бірлестік жас мамандарды кәсіби тұрғыда сүйемелдеп, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
      Жас педагогтер заманауи білім беру технологиялары мен авторлық тәжірибелерін ұсынып, одан кейін ардагерлермен жылы әрі мазмұнды диалог өтті. Қатысушылар мектепке дейінгі білім беруді дамыту, кәсіби құндылықтар және тәлімгерліктің рөлі мәселелерін талқылады.
Кездесу тәжірибе алмасу, кәсіби қауымдастықты нығайту және Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру үшін маңызды алаңға айналды.