Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы
28-01-2026 16:21
 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

2026 жылғы 28 қантарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — тәжірибе алмасу және бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру болды. Байқауға облыс колледждерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысты.

Байқау екі кезеңде өтті. I кезең (сырттай): Қатысушылар бейневизиткалар ұсынып, онда өздерінің білім беру, тәрбиелік және қоғамдық қызметін ашып көрсетті, сондай-ақ жеке жетістіктері мен қызығушылықтары туралы айтып берді. II кезең (күндізгі): Оқытушылар негізгі бағыттар бойынша авторлық жұмыс тәжірибесін қорғады, оның ішінде әдістемелік өнімдерді, цифрлық білім беру өнімдерін, ғылыми-зерттеу қызметі мен инклюзивті практикаларды таныстырды.

Байқау жұмыстарын бағалауды тәуелсіз қазылар алқасы жүзеге асырды. Қазылар алқасының құрамына академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жетекші ғалымдары мен қауымдастырылған профессорлары, сондай-ақ облыс колледждерінің білікті педагогтері кірді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды..

1 орын - Траксель Ольга Валентиновна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы;

 2 орын - Сабырова Мара Орынбаевна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі»  КМҚК  оқытушысы;

3 орын - Зарипова Алсу Фидаильевна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы.

Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және кәсіби қызметте алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!