2014 – жылдың 29 – қазан күні Қарағанды қаласы №2 БММ қабырғасында балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді. Жұмысқа үрмелі және ұрмалы аспаптар мұғалімдері қатысты.
Отырыс мақсаты – үрмелі және ұрмалы аспаптарда ойнаудың жаңа оқу бағдарламасы және әдістемелеріне талдау және оқыту процесін дамыту.
№2 БММ мұғалімі Н.И. Дорофеева өзінің фортепианоның сүйемелдеуімен флейтаға ыңғайланған «Шашу» жинағын ұсынды.
Сонымен қатар келесі сұрақтар қарастырылды:
- Үрмелі аспаптарда ойнауға оқытудың жаңа әдістеріне және флейтада ойнауды оқыту әдістемесіне талдау жасау (№1 БММ мұғалімі Федоров О.Н.).
- Білім беру процесін және оқу бағдарламасының ерекшеліктері (Айбасова Д.П. мұғалімі).