Размер шрифта:
«Білім беру Робототехникасы» облыстық жобасы аясындағы шеберлік-сыныптары
30-01-2026 17:33
«Білім беру Робототехникасы» облыстық жобасы аясындағы шеберлік-сыныптары

      2026 жылғы 30 қаңтарда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру Робототехникасы» облыстық жобасын іске асыру аясында тәжірибемен алмасу мақсатында шеберлік сыныптары өткізілді.

Шеберлік сыныптар барысында келесі тақырыптар тындалды:

1. «Білім беру Робототехникасы» жобасын іске асыру туралы», «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Байбусинов Есентай Айдарулы.

2. «Робототехника негізі. Робототехника жарыстары. Lego Wedo 2.0. Роботы мүмкіндіктері» тақырып бойынша, Мустафин Азамат Серикович, Саран қаласы «№1 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

3. «Спортивная робототехника в Казахстане: путь от участия к достижениям» тақырып бойынша, Акшалакова Асель Райысовна, Саран қаласы «№17 мектеп-гимназиясы» КММ, информатика пәнінің мұғалімі.

4. «Создание инженерного чертежа с использованием искусственного интеллекта» тақырып бойынша, Динисламова Гульнара Габдулахатовна, Саран қаласы «№6 ЖББМ» КММ, информатика пәнінің мұғалімі.

Өткізілген шеберлік-сыныптар, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру робототехникасы мен заманауи цифрлық технологиялар саласында практикалық тәжірибе алмасуға ықпал етті.

Аталған бағыттың алдағы уақытта табысты дамуына, қатысушылардың жобалық қызметке белсенді тартылуына және робототехника бойынша әртүрлі деңгейдегі жарыстарда нәтижелі қатысуына сенім білдіреміз.