«Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен мамандандырылған білім беру ұйымдарының жас мұғалімдеріне арналған республикалық «Teacher’s Hackathon» байқауы өтті.
30-01-2026 17:47
«Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен мамандандырылған білім беру ұйымдарының жас мұғалімдеріне арналған республикалық «Teacher’s Hackathon» байқауы өтті.
      Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 75 жас маман 15 командаға бөлініп, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған тың идеяларымен бақ сынасты.
Аталған додада «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының» математика пәні мұғалімі Рыспаева Диана ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталса, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Бүлкен Саян Мұратұлы жүлделі III орынды иеленді.
Хакатон жас педагогтерге тәжірибе алмасуға, кәсіби тұрғыда шыңдалуға және заманауи талаптарға сай инновациялық жобаларды әзірлеуге зор мүмкіндік берді. Әріптестерімізді кәсіби жеңістерімен құттықтай отырып, педагогикалық қауымдастықтың дамуына бағытталған шығармашылық жұмыстарына сәттілік тілейміз.