Размер шрифта:
«Қаржылық саяхат»
05-02-2026 15:53
«Қаржылық саяхат»

      2026 жылдың 5 ақпаныңда Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастырумен Шахтинск қаласындағы «Еркетай» бөбекжайы базасында қаржылық және құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Қаржылық саяхат» атты облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарға Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларынан, сондай-ақ Абай және Бұқар Жырау аудандарынан 36 педагог қатысты. Педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың қаржылық-экономикалық және құқықтық дағдыларын дамыту бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушыларды мектеп жасына дейінгі балалардың қаржылық сауаттылығын арттырудың негізгі әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Шара соңында қатысушылар рефлексия арқылы кері байланыс орнатып, алған әсерлерімен бөлісті.