Для педагогов Карагандинской области совместно с издательством «Алматыкітап» проведен семинар.
09-02-2026 12:27
Для педагогов Карагандинской области совместно с издательством «Алматыкітап» проведен семинар.

      2026 жылдың 09 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және «Алматыкітап» баспасымен Қарағанды қаласының Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейібазасындабастауыш сынып мұғалімдеріне және биология пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Семинарға барлығы 700-ге тарта педагог қатысты.

      Семинар барысында «Алматыкітап» баспасыныңвице-президенті Құдайберген Гүлнұр Серікқызы 4-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу», «Математика», «Дүниетану», «Русский язык», «Литературное чтение», «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес), «Математика» (оқыту қазақ тілінде емес), «Познание мира» оқулықтарының мазмұнын және құрылымын өңір ұстаздарына кеңінен таныстырды. 

      7-8 сыныптарға арналған «Биология» оқулығы бойынша оқулық авторы Балапанова Құндыз Сериковна таныстырып өтті. Авторлар электрондық оқулықтардың тиімділігі мен заманауилығына ерекше назар аударды. Қатысушылар оқулықтардың мазмұны, құрылымы және әдістемелік ерекшеліктерімен танысып, оларды оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдары бойынша пікір алмасты. Семинар кезінде платформаны сабақта қолдануға арналған бейне және аудио материалдар көрсетілді.

      Іс-шара жоғары деңгейде өтті, мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.