2026 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдары педагогтері қауымдастығының жұмысы аясында «Шеберлік қырлары» атты облыстық семинар өтті. Іс-шара барысында Бұқар Жырау ауданының «Доскей ауылының «Мирас» балалар өнер мектебі» КМҚК және «Руханият» қосымша білім беру орталығы» КМҚК педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар мәдени-ағартушылық қызметтің ажырамас шарты ретінде қосымша білім беру педагогының құзыреттілігі, ауылдық жерлердегі қосымша білім беру сапасын арттыру, қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы перспективалар мәселелерін талқылады.
Мәжілістің пленарлық бөлімінде 5 жылдық оқу мерзіміне арналған 3, 4, 5-сыныптардың сольфеджио пәні бойынша жұмыс дәптерлері мен әдістемелік құралдары, сондай-ақ «Қобыз үйренгім келеді» атты авторлық оқу құралы таныстырылды.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар қазақ биі, сәндік бұйымдар жасау, домбыра тарту және әскери-патриоттық тәрбие бағыттары бойынша шеберлік сыныптарына қатысты.
Семинар Бұқар Жырау ауданы Доскей ауылының «Мирас» балалар өнер мектебі педагогтері мен оқушыларының дайындаған «Талант арманға жол ашады!» атты концерттік бағдарламасымен аяқталды. Іс-шараға Қараганды облысының қосымша білім беру ұйымдарынан 31 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




