Размер шрифта:
Қосымша білім беру педагогтеріне арналған әдістемелік сағат
04-02-2026 10:20
Қосымша білім беру педагогтеріне арналған  әдістемелік сағат

      2026 жылдың 4 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қосымша білім беру педагогтеріне арналған әдістемелік сағат өтті.

      Әдістемелік сағаттың мақсаты —педагогтердің білімін бағалау  жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, тестілеу алдындағы қорқынышты сейілту және аттестаттаудан өтудің тиімді стратегияларын ұсыну.

      Өткізілген шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және аттестаттау сынақтарына дайындық деңгейін жаңа сапалы белеске көтеруге мүмкіндік берді. Талқылау барысында туындаған күрделі сұрақтар алдағы әдістемелік сағаттардың жоспарына енгізілді.

Әдістемелік сағатқа облыс бойынша 43 педагог қатысты.