«Бастауыш мектеп оқушыларының сабақта және сабақтан тыс жұмысында оқырман біліктілігінің дамуы » семинары. ( Қарағанды қ. №1 және №39 гимназиялары тәжірибесінен)
12-05-2016 10:28
«Бастауыш мектеп оқушыларының сабақта және сабақтан тыс  жұмысында оқырман біліктілігінің дамуы » семинары.  ( Қарағанды қ. №1 және №39 гимназиялары тәжірибесінен)

         2016 жылғы 12 мамырда Қарағанды қаласы №1 гимназияда Қарағанды қаласы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығымен бірігіп отырып Қарағанды облысының бастауыш сынып мұғалімдеріне, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған «Бастауыш мектеп оқушыларының сабақта және сабақтан тыс жұмысында оқырман біліктілігінің дамуы» атты семинар өтті.

         Семинардың мақсаты- «Оқу шаттығы» облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобаның жүзеге асырылуы бойынша тәжірибе алмасу.

         2014-2015 оқу жылынан бастап № 1 және № 39 гимназиялар оқу сауаттылығын дамыту бойынша «Оқу шаттығы» облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобаның қатысушылары болды. Аталған гимназиялардың бастауыш сынып мұғалімдері шығармашылық топтары оқушыларының функционалдық оқудың қалыптасуы мен дамуы бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

        Гимназияда желілік одақ тиімді жұмыс істейді,тәжірибе алмасу,бірін-бірі оқыту жүйесі қалыптастырылған. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатымен гимназия ұстаздары тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақтар, әріптес-педагогтарға арналған коучингтер және мастер - кластар, тақырыптық  ата- аналар жиналыстарын, қаланың кітапханаларымен, театрларымен, мәдени орталықтармен бірігіп іс - шаралар өткізеді.

          Семинар барысында қатысушылар ашық сабақтарға,сыныптан тыс іс-шараларға,ата-аналар жиналыстарына және мастер-кластарға қатысып, оқытудың белсенді формаларының қолданылуын және жоба бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын көрді.

         Оқу біліктілігінің  қалыптасуы мен дамуы және Қарағанды қаласы мен облыс мектептерінде жобаның жүзеге асырылуының өзектілігі жайында Қарағанды облысы білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Мукашева Г. Г. және Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері Оспанова Г. Х. пікірлерімен бөлісті.

         Семинарға  Бұқар жырау, Шет, Нұра, Жаңаарқа,Ұлытау аудандарынан, Саран, Шахтинск,Теміртау, Балқаш, Сәтбаев, Қарағанды қалаларынан бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.