«Edata.kz платформасын енгізу арқылы педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту жолдары» тақырыбындағы онлайн-семинар
24-02-2026 14:40
«Edata.kz платформасын енгізу арқылы педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту жолдары»  тақырыбындағы  онлайн-семинар

      2026 жылғы 24 ақпанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға арналған «Edata.kz платформасын енгізу арқылы педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту жолдары» тақырыбында оқыту онлайн-семинары өтті.

      Семинардың спикері ретінде жоба менеджері (project manager) Дария Нұрғажықызы қатысып, платформаның жұмыс тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

     Іс-шараға арнайы мектеп-интернаттарының, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет, Осакаровка аудандары мен Балқаш қаласының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері және облыс кітапханашылары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты:

  • edata.kz платформасының функционалдық мүмкіндіктерін меңгерту;
  • Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының құжаттамасын цифрландыру үдерісін жетілдіру;
  • Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін арттыру.

      Семинар соңында қатысушылар платформаны жұмысқа енгізу бойынша өзекті сұрақтарына жауап алып, әдістемелік кеңестермен танысты.