«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заманауи тәлімгер: көшбасшы, тәлімгер, дос» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары
24-02-2026 14:44
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заманауи тәлімгер: көшбасшы, тәлімгер, дос» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары

      2026 жылдың 24 ақпанында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заманауи тәлімгер: көшбасшы, тәлімгер, дос» тақырыбында  облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға 198 мектеп тәлімгерлері мен облыс әдіскерлері қатысты.

      Семинардың мақсаты: «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи тәрбиешінің жаңа рөлдік модельдерін (көшбасшылық, тәлімгерлік, достық) қалыптастыру бойынша озық тәжірибе алмасу үшін бірыңғай әдістемелік алаң құру.

      Тәлімгерлер заманауи мектептегі өз рөлдерін қайта зерделеп, «Адал азамат» бағдарламасын іске асыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар алды. Қатысушылар іс-шараның практикалық маңыздылығын жоғары бағалап, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға келісті.