Размер шрифта:
Қосымша білім беру педагогтеріне арналған әдістемелік сағат.
25-02-2026 16:13
Қосымша білім беру педагогтеріне арналған әдістемелік сағат.
 
2026 жылдың 25 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді
дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қосымша білім
беру педагогтеріне арналған әдістемелік сағат өтті.
Әдістемелік сағаттың мақсаты — Педагогтің кәсіби іс-тәжірибесін
жинақтау, жүйелеу және талдау мәдениетін қалыптастыру; Педагогтерді тест
нәтижелерін дұрыс түсінуге баулу және әр санатқа қойылатын шекті
деңгейлермен таныстыру.
Өткізілген шара барысында педагогтердің кәсіби іс-тәжірибесін
жүйелеу мен талдау мәдениеті қалыптасып, тест нәтижелерін талдау
дағдылары жетілдірілді. Қатысушылар біліктілік санаттарына қойылатын
талаптар мен шекті деңгейлер бойынша нақты әдістемелік бағдар алды.
Талқылау кезінде туындаған күрделі сұрақтар алдағы әдістемелік
сағаттардың жоспарына енгізілді.