Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауы
27-02-2026 16:41
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауы
    2026 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-
әдістемелік орталығы «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі» КМҚК
базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының
педагогтері арасында 4 бағыт бойынша «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауын өткізді: жалпы
білім беру пәндерінің оқытушылары; информатика пәнінің оқытушылары; арнайы пәндер
оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері; IT-саласының арнайы пәндер оқытушылары
және өндірістік оқыту шеберлері.
Байқау мақсаты Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымдарының білім беру процесінде педагогтердің инновациялық ақпараттық
технологияларды қолдануының маңыздылығын арттыру болып табылады.
Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар білім беру процесінде
инновациялық IT-технологияларды қолданудың тиімді тәжірибелерін көрсетті.
Байқауға 28 педагог қатысты.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша
жеңімпаздар анықталды.
«Жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары» бағыты бойынша:
1 орын - Шайжанова Гулзада Карифуллаевна «Қазақмыс» корпорациясының
политехникалық колледжі» ЖММ;
2 орын - Корчагина Екатерина Игоревна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары
гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК;
3 орын - Скакова Асель Бауыржановна, «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн
колледжі» КМҚК.
«Информатика пәнінің оқытушылары» бағыты бойынша:
1 орын - Танатаров Бауыржан Марсович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
2 орын - Кантарбекова Меруерт Меиржановна, «Қарағанды көлік-технологиялық
колледжі» КМҚК;
3 орын - Ахметжанова Гулнар Сайлаухановна, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-
техникалық колледжі» КМҚК.
«Арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері» бағыты бойынша:
1 орын - Пеннер Александра Васильевна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары
гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК;
2 орын - Амантаева Айгерим Советовна, Олейник Светлана Валерьевна, «Қарағанды
жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
2 орын - Тусупбаева Алия Канатовна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;
3 орын - Баймендинова Макпал Муратовна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі»
КМҚК;
3 орын - Мылтыкбаева Аягоз Торебековна, ШЖҚ «Балқаш жоғары
медициналықколледжі» КМК;
3 орын - Туктамышева Римма Ильшатовна, «Қарағанды жоғары политехникалық
колледжі» КМҚК.
«IT-саласының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері»
бағыты бойынша:
1 орын - Калиев Рамазан Ертаевич, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»
КМҚК;
2 орын - Дашкин Илья Рафаильевич «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық
университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжі»;
3 место - Турганова Мақпал Ерболқызы, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің
экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖМ.
 
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.