Размер шрифта:
2016 жылдың 12 мамырында Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінде аймақтық шеберлік конкурсы ұйымдастырылып өткізілді
12-05-2016 04:55
2016 жылдың 12 мамырында Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінде  аймақтық шеберлік конкурсы ұйымдастырылып өткізілді

     2016 жылдың 12 мамырында Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінде  студенттер арасында 0700000 Геология, тау- кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру мамандығы 0707012 Жер асты электр слесарі біліктілігі бойынша аймақтық шеберлік конкурсы ұйымдастырылып өткізілді.

     Конкурсты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: 0700000 Геология, тау- кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру мамандығы 0707012 Жер асты электр слесарі біліктілігінің мәртебесін  арттыру, жоғары кәсіби дәрежедегі болашақ мамандарды анықтау.

     «Шахтер» оқу орталығының Костенко атындағы шахтаның өкілдері,яғниконкурс сарапшылары қатысушыларды 3 модуль бойынша бағалады.

      Қарағанды облысында  0700000 Геология, тау- кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру мамандығы 6 колледж мамандар даярлайды, солардың ішінде конкурсқа студенттер дайындап қатыстырғаны – 3.

    Сарапшылар талаптарға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтады:

    1 орын – Жакыпов Бақтияр Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің студенті;

    2 орын – Куат Әлішер Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің студенті;;

    3 орын  – Кельмялис Томас Саран техникалық колледжінің студенті.