«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Нейрожелілер — мектеп кітапханашысының жеке көмекшісі:тиімді жұмыс және шығармашылық еркіндік» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу алаңы
2026 жылдың 27 ақпанында Қарағанды облысында білім
беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Балалар
кітапханасы» жобасы аясында облыстық онлайн-семинар өтті.
Семинардың мақсаты - цифрландыру және жасанды
интеллект жылында контентпен және оқырмандармен жұмыс
істеудің инновациялық тәсілдерін көрсету арқылы мектеп
кітапханасын трансформациялаудың стратегиялық құралы ретінде
нейрожелілердің әлеуетін ашу.
Семинарға облыс деңгейінде 134 мектеп кітапханашысы
қатысып, цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша өзара тәжірибе
алмасты.





umc-ro@umckrg.gov.kz







