Размер шрифта:
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
27-02-2026 16:50
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 27 ақпанында Қарағанды қаласы «Ғ. Мустафин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданың финалдық кезеңін өткізді. Олимпиадаға 78мұғалім қатысып, оның ішінде 32 мұғалім 90 ұпайдан 50-ден аса ұпай жинап, шекті деңгейден өтті.Ұсынылған өтінім, ақпараттық карта, сабақтың YouTube арнасына сілтеме материалдары негізінде финалға шыққан алты қатысушы анықталды. Жеребе арқылы қатысушылар «Баскетбол», «Волейбол», «Гимнастика», «Футбол» бойынша дене жаттығуларының кешенін көрсетіп шықты. Қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды.

1 орын

Жұмтай Жадыра Мұқтарқызы – Нұра ауданының С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі

2 орын

Абеуов Дастан Мухамбеткалиевич – Шет ауданының Жарық жалпы білім беретін мектебінің  мұғалімі

Масленникова Татьяна Анатольевна – Қарағанды қаласыныңҒ. Мустафин атындағы жалпы білім беретін мектебінің  мұғалімі

3 орын

Саульян Михаил Арменакович – Осакров ауданының №7 жалпы білім беретін мектебінің  мұғалімі

Аукешова Анар Даирбековна - Қарқаралы ауданының Рысбала Молдақашева атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің  мұғалімі

Хамитов Кайрат Алпысбаевич - №1 Білім инновация лицейінің мұғалімі

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!