«МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-
ші отырысында және «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұлттық
құрылтайында жариялаған тапсырмаларын жүзеге асыру үшін «Балалар
кітапханасы» бағдарламасы және Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт»
жобалары іске қосылды. Аталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында
2026 жылдың 27 ақпаны күні «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық
челленджі өткізілді.
Челлендждің мақсаты: елімізде оқушылардың кітап оқу мәдениетін,
оқу сауаттылығын, оқу белсенділігін арттыру;
Осы шараға Қарағанды облысы білім басқармасы мен Қарағанды
облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды
қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі мұғалімдері мен
оқушылары белсене қатысты. Олар Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне»
шығармасын оқыған болатын. Өңіріміздің жеткіншектері де өздері оқыған
кітаптарымен бөлісіп, ойларын ортаға салып, көзқарастарын айқын жеткізе
білді.
Қарағанды облысы аталған челленджді Жетісу облысынан қабылдап
алып, Қостанай облысына жолдады.
Барлық аймақта бір мезетте оқушылардың кітап оқу мәдениетін, оқу
сауаттылығын, оқу белсенділігін арттыруды көздеген шара арқылы озық
ойлы ұлт тәрбиеленетіні анық.





umc-ro@umckrg.gov.kz





