«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
04-03-2026 09:22
«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 4 наурызда «Құқықтық әлемдегі балалар»  тақырыбында  Қарағанды қаласының  «Г. Потанин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында ZOOM платформасында «Жас заңгер» жобасын онлайн режимінде іске асыру шеңберінде нетворкинг өткізді. Нетворкинг-практикумы барысында «Жас заңгер» жобасын іске асыру барысында болашақ мамандықты таңдауда білім алушылардың ерте кәсіптік бағдарлануына іскерлік ойындар мен іс-шаралар сценарийлері ұсынылды. Сондай-ақ, пікірталас барысында  жүзеге асыру аясында «Баланың құқықтарын қорғаңыз» іскерлік ойынының ерекшеліктері қарастырылды. Нетворкинг семинар әріптестер арасында лайықты қызығушылық тудырды және әріптестерінен оң пікірлер алды.