«Балалар музыка мектебінің бастауыш сыныптарында ойын әдістері, тәсілдері мен технологияларын қолдану» тақырыбындағы облыстық семинар
2026 жылдың 3 наурызында Қарағанды облысының білім
беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
Қарағанды облысының балалар музыкалық мектептері мен балалар
өнер мектептерінің жас мамандарына арналған «Балалар музыка
мектебінің бастауыш сыныптарында ойын әдістері, тәсілдері мен
технологияларын қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар тәжірибе алмасуға, өзекті әдістемелік мәселелерді
талқылауға және заманауи білім беру технологияларын оқыту
тәжірибесіне енгізуге арналған кәсіби алаңға айналды. Іс-шара
аясында оқушылардың тұрақты ынтасын қалыптастыруға және
олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін тиімді
ойын әдістері мен тәсілдері ұсынылды.
Семинар жұмысына Абай, Саран, Топар, Шахтинск
қалаларынан және Нұра ауданының кенттерінен келген мамандар
қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz






