Размер шрифта:
«АУЫЛ МЕКТЕБІ-САПА АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
06-03-2026 12:52
  «АУЫЛ  МЕКТЕБІ-САПА  АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ЖОБАСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛУЫ

       Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 202жылдың 5 наурыз  күні «Ауыл  мектебі – сапа алаңы» республикалықжобасының жүзеге асырылуы» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар мақсаты: «Ауылдық жердегішағын жинақты мектептердің әлеуетін,білім сапасын арттырумақсатында республикалық жобаны жүзеге асыру аясындаҚарқаралы, Ақтоғайаудандарының тірек мектептерінің бекітілген шағын жинақты мектептермен бірлесе атқарған жұмыстары, нәтижелері». 

        Бағдарламаға сәйкес «Ауыл мектебі– сапа алаңы» жобасының аудан бойынша жүзеге асырылу барысы», «Республикалық жобаны жүзеге асыру аясында оқу үдерісін жетілдіру және әдістемелік қолдауды ұйымдастыру», «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын жүзеге асыру: қолайлы білім беру ортасын құру» тақырыптарында Қарқаралы ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі К.Ж.Мусилимов, Қ.Смайылов атындағы № 43 тірек мектебінің (РО) директоры Г.О.Байназарова және Ақтоғай ауданының К.Байсейітова атындағы тірек мектебінің (РО) директоры А.М.Балкыбекова  жоба аясында атқарылған жұмыстарын, онлайн форматта өткізілген математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен шағын жинақты мектеп білім алушыларының білім сапасының нәтижелерін көрсетті. Сонымен бірге анықталған проблемаларды шешу жолдары мен алда атқаратын жұмыс жоспарларымен таныстырды.

     Семинарға қатысушылар жобаны жүзеге асыру бойынша әріптестерінің жақсы жұмыстарын атап өтті,  сұрақтар қойылып, пікірлерайтылды.

Семинар жұмысына  100 педагог  қатысты.