2026 жылғы 10-11 наурыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты» РММ базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Дарынды балаларға-талатты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қарағанды облысының келесі педагогтері дипломдармен және грамоталармен марапатталды:
І дәрежелі диплом: Сапарғалиев Ақжол Берікұлы, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ биология пәні мұғалімі.
Грамоталармен марапатталғандар: Ахмет Диас Илдарұлы, «Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі;
Түсіпханова Ақерке Дастанқызы, Шет ауданы «Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі;
Мелдеханова Жанар Базарханқызы, Приозерск қаласы «№ 1 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәні мұғалімі.
Әріптестерімізді республикалық олимпиададағы жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің биіктен көрінуін тілейміз!





umc-ro@umckrg.gov.kz




